Сайтты қолдану шарттары
1. Сайтты қолдану құқығы
2. Жауапкершілік
3. Сайтты регламенттеу
4. Авторлық
5. Басқалар
Германиядағы қолданушыларға арналған www.newyorker.de, New Yorker-дің басқа сайттарын қолдану, қолданудың келесі шарттарының әрекетінің әсеріне түседі. Уақыт өткен сайын аталмыш шарттар орын алған өзгерістерге сәйкестендіріледі. Бірақ біз сайтты қолдану шарттарын өзгертуге нақты нұсқаулар бермейміз. Бұл жағдайда сен өзің аталмыш шарттарды қарап және өзгерістерді бақылап отыруға тиіссің. Біздің сайтқа кіре отырып сен аталмыш шарттармен келіскендігіңді білдіресің. Егер сен кәмелеттік жасқа толмасаң, онда біздің сайтқа ата-анаңның немесе қамқоршыңның келісімі арқылы ғана кіре аласың. Балалардың дербес құқықтарын қорғау біздің ең бірінші міндетіміз болып табылады. Біз кәмелеттік жасқа толмаған балалар туралы дербес деректерді, олардың ата-аанасының немесе қамқоршысының рұқсатынсыз жинамаймыз. Егер біз, біздің сайтымызда кәмелеттік жасқа толмаған қолданушының ата-анасының немесе қамқоршысының рұқсатынсыз тіркелгенін, немесе кәмелеттік жасқа толмаған бала туралы басқа біреу, дербес деректерді орналастырғанын білсек, ондай деректерді бірден жоямыз.
1. Сайтты қолдану құқығы
Біз саған, егер ол жеке жағдайларда қарастырылмаса – біздің сайтымызға кіруге және оның мазмұнын қарауға, сонымен қатар сайтты қолданудың көрсетілгенережелеріне сәйкес жеке мақсаттарға қолдануға, сонымен қатар өз компьютеріңіздің мониторына шығаруғадербес және біреуге беруге болмайтын құқық береміз. Сайтты коммерциялық мақсаттарда қолдану, әсіресе коммерциялық жарнама жасау үшін қолдануға тыйым салынған.
Біз қолданушының сайтты қолдануын өз еркімізбен және алды-ала хабарлаусыз шектеу және тоқтату құқығын өзімізге қалтырамыз, егер қолданушы мен біздің сайтымыздың арасындағы келісім-шартта басқа жағдайлар қарастырылмаса. Бұдан бөлек, қолданушының паролін, есептік жазбасын немесе есептік жазбасының мазмұнын тоқтату, немесе егер қолданушы сайтты қолданудың көрсетілген шарттарына қарсы шыққан жағдайда, немесе өзі туралы өтірік, дәл емес, толық емес мәліметтер берген жағдайда, немесе бізде қолданушы өзі туралы өтірік, дәл емес, толық емес мәліметтер берді деген күдік болған жағдайда көрсетілген деректерді жою және қолданушының дербес қызметтерге қол жеткізуін тоқтату құқығын өзімізге қалтырамыз.
2. Жауапкершілік
New Yorker өз сайтында шынайы және өзекті ақпараттарды беруге барлық күш-жігерін салады. Бірақ біз аталмыш ақпараттың дәлдігіне және/немесе өзектілігіне кепілдік бере алмаймыз. Біздің сайтымызға мүмкін болатын шектеудің салдарлары үшін де жауапкершілік алмайтынымызды айта кеткіміз келеді. Осы себеп бойынша біз кез-келген уақытта, егер басқа жағдайлар қолданушы мен біздің арамыздағы келісім-шартта қарастырылмаған жағдайда мазмұндар мен қызметті өзгерту немесе енгізу құқығын өзімізге қалтырамыз. Осы жағдайларға байланысты біз өз сайтымыздың үздіксіз қол жетімділігіне жауап бермейміз және біздің жазығымызсыз сайттың жабылуы, сонымен қатар біздің жазығымызсыз деректердің жоғалғаны үшін жауапкершілік алмаймыз. Сайтта басқа сайттарға сілтемелер берілген жағдайда, біз аталмыш сайттардың мазмұнына жауап бермейміз; сонымен қатар біз өзімізге әріптес басқа сайттарды үздіксіз тексере алмаймыз. Сілтеме саған нұсқау ретінде қызмет атқарады. Сонымен қатар біз сілтеме берілген сайттардың қол жетімділігі үшін жауапкершілік алмаймыз. Заң NewYorker-ді берілген немесе сақталған ақпаратты қадағалауға немесе заңға қарсы шарттарды іздеуге міндеттемейді(§ 7 TMG). Егер біз интерактивті қызметтерге қатысу мүмкіндігін ұсынсақ, сен өзің ұсынған мазмұн үшін жауапкершілік аласың. Осы себептен біз қаскөйлік пен дөрекі немқұрайдылық үшін шексіз жауапкершілік аламыз. Кішігірім немқұрайдылық үшін біз маңызды міндеттемелер (келісім-шарт міндеттемелері) бұзылған жағдайда және шектеулі жағдайда ғана жауапкершілік аламыз. Шектеулер пайда болуы күтілген келісім-шарттық міндеттемелермен байланысты шығынға қатысты болады. Біз жанама шығындар, әсіресе жоғалған пайда немесе материалдық емес шығындар үшін жауапкершілік алмаймыз. Бұдан бөлек, біз біздің сайттан материалдар көшірумен байланысты, сенің аппаратураңның немесе бағдарламалық қамтамасыз етумен байланысты зақымдар немесе деректердің жоғалуы үшін жауапкершілік алмаймыз.
Көрсетілген жауапкершілік шектеулері өмірге қауіп төнуге, дене немесе денсаулыққа біздің күнамыздан емес зияндар келгенде, сонымен қатар өнім үшін жауапкершіліктер туралы заң бойынша наразылықтарға тарамайды.
Жоғарыда көрсетілген шектеулер NewYorker-дің қызметкерлері, заңды өкілдері және атқарушы қызметкерлерінің пайдасына және соларға қатысты қолданылады. Қолданушы сайтты заңға қарсы немесе дұрыс емес қолдану немесе өзінің күнасынан келісім-шарт міндеттемелерін орындамау нәтижесінде орын алулары мүмкін барлық кемшіліктер үшін жауапкершілік алады.
3. Сайтты регламенттеу (Инетрнеттегі міндетті тәртіп ережелері)
Сен бізге толық және шынайы дербес деректерді ұсынуға тиіссің – әсіресе атың, тегің, адресің, телефон нөмірің, сонымен қатар электрондық поштаңның адресін, егер бұл деректер дербестендірілген қызметтер ұсыну үшін қажет болса. Бұдан бөлек біз сенен әрқашан өзіңнің дербес деректеріңді жаңартып отыруыңды сұраймыз.
Сайтты немесе қызметтерді қолдануға берілген құқықтар тек саған ғана ұсынылған. Сайтты қолданудағы көрсетілген шарттар негізінде пайда болатын құқықтар мен міндеттер үшінші тараптарға ішінара да, толық та берілмейді. Егер сен форумдарды, чаттарды, блогтарды және басқа да интерактивті қызметтерді қолдансаң, саған үшінші тұлғалардың сенің есептік жазбаларыңа қолдарының жетуін болдырмауың, сонымен қатар өзіңнің пароліңді бермеуің қажет, өйткені олар тек саған ғана сайтты және ұсынылған қызметтерді қолдануыңа құқық береді.
Интерактивті қызметтерді қолданушы ретінде сен өз пароліңді және басқа да өзіңнің есептік жазбалар туралы ақпараттарыңды құпия сақтауға міндеттісің. Сенің қолданушылық есептік жазбаңды заңсыз қолданылуы орыналған жағдайда, сен аталмыш факт туралы бізгежазбаша түрде немесе электронды пошта арқылы info-datenschutz@newyorker.de адресіне хабарлауға міндеттісің. Тіпті осы жағдайда да сен, сайтты рұқсат етілмеген қолданыс үшін жауапкершілік алатын боласың. Күдік туған жағдайда, сенің паролің немесе есептік жазбаң арқылы берілген барлық хабарламалар, сен үшін міндетті болып саналады.
Құрамында зиянды контенті (әсіресе зиянды коды) бар және бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету қызметіне зиян келтіретін материалдарыңды және басқа да бағдарламаларды біздің сайтқа енгізуге тыйым салынады. Интерактивті қызметтен көшіріліп алынған материалдардың барлығын белсенді вирусқа қарсы бағдарламалар арқылы тексеру қажет.
Заңға қайшы және адамгершілікке жат контенттерді және/немесе айтылымдарды, әсіресе ұлтаралық алауыздыққа, не зорлыққа шақыратын, не соғысқа итермелейтін, балалар мен жасөспірімдердің психикасына зиян келтіретін сексуалды немесе порнографиялық сипаттағы материалдарды, не белгіленген мазмұны бар ұсыныстарды көшіруге, және/немесе таратуға тыйым салынады.
Жүйе немесе желі қауіпсіздігіне зиян келтіруі мүмкін немесе сондай бағыттарға арналған, мысалы авторластырылмаған қол жеткізуді қамтамасыз ету немесе зиянды код енгізу, сонымен қатар сайтқа рұқсатсыз кіру сияқты әрекеттерге тыйым салынған.
5. Басқалар
Аталмыш қолдану шарттары халықаралық сату-сатып алу туралы келісім-шарттар жайындағы БҰҰ Конвенциясынан бөлек неміс құқығымен реттеледі. Егер аталмыш шарттардың кейбір ережелері өз күшін жоғалтса немесе заң ережелеріне қарсы келсе, онда бұл көрсетілген шарттардың басқа ережелеріне таралмайды. Заңдық күші жоқ ережені, тараптар заңды күшін жоғалтқан ережелердің экономикалық мақсаттарына сәйкес келетініне алмастыру қажет. Аталмыш ереже басқа ережелердегі кеткен олқылықтарға да қатысты қолданылуы қажет. Осы қолдану шарттары дербестендірілген қызметтер үшін айрықша жағдайлармен, құпиялылық туралы ережелермен және басқа да интерактивті қызметтер үшін қосымша ережелермен қосылып, сенімен New Yorker компаниясының арасындағы бірыңғай келісімді құрайды.